Яндекс картасында жаяу жүргінші бағдарын анықтап беретін сервис пайда болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Яндекс. Карталар» интернет-сервисінде жүргіншілерге арналған бағдарларды көрсету мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

«Қай тұстан, қайда жерге баратыныңды жазсаң, карта бағдарды көрсетіп, шақырымын нақтылап, жолға кететін уақытты белгілеп береді», - делінген Яндекс блогындағы хабарламада.

Жүру бағытын жоспарлау кезінде жүргінші жолы, соқпақ, «жолақтар», сатылар, ғимарат қабырғаларындағы өтпелер, көлік жолдары ескеріледі.

Жаяу жүргіншіге арналған бағдар жасаушы «Яндекс. Карта» қосымшасы iOS және Android платформаларында, сондай-ақ веб-нұсқада жұмыс істейді. Пайдаланушылар онда ескерілмеген жолды картаға өздері қосуына болады.

Жүргінші режімі Ресейде, Украинада, Беларусьте, Қазақстанда жұмыс істейді. Қосымша жасай алатын жүргінші маршрутының ұзындығы 50 шақырымды құрайды.

Бұдан бұрын жүргінші маршрутын жасау мүмкіндігі Google Maps қосымшасында пайда болған, алайда онда маршрут ұзындығы бойынша шектеулер жоқ.