«Өзбекстан Ресей, Қазақстан, Беларусь және Армениядан кейін аталған сервисті іске қосқан ТМД елдері арасындағы бесінші мемлекет болды. Yandex Еats қосымшасы мен сайты өзбек, ағылшын және орыс тілдерінде қолжетімді», - деп мәлім етті компаниядан.
Қазіргі таңда Ташкентте орналасқан 200-ден астам мейрамхана мен кафе «Яндекс Еда» тамақ жеткізу қызметімен жұмыс істейді. Оның ішінде FeedUp, Bon!, Oqtepa Lavash, Yaponamama сияқты танымал тамақтану орындары бар.