Яндекс порталы Қазақстанға қайта оралды

АЛМАТЫ. Қазанның 14-і. ҚазАқпарат /Асылбек Қасымхан/ - Енді қазақстандық интернет пайдаланушылардың барлығы қазақстандық www.yandex.kz порталының іздестіру жүйесінде жұмыс жасауға мүмкіндік алды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Яндекстің порталында қазақстандық пайдаланушыларға бағдарланған барлық негізгі қызметтері ұсынылған. Онда іздестіру қазақ және орыс тілдерінің морфологиясын ескереді, сондай-ақ пайдаланушылардың локалдық сұраныстарына жергілікті сайттарды көрсетумен жауап береді. Мысалы, «Конституция» деген сұраныс бойынша - Қазақстан Республикасы Ата заңының мәтінін береді. Пайдаланушылар іздестіру тілін қазақ және орыс тілдерінде қолдана алады. Сондай-ақ порталда Астана және Алматы қалаларының толық әрі дәл карталары, жергілікті пойыздар мен ұшақтардың қозғалыс кестесі пайда болады.

«Біз Қазақстандық интернет-компаниялармен және сайт иелерімен бірлесіп жұмыс істеп, олармен бірге пайдаланушыларға интернетті қызықты әрі тиімді жасағымыз келеді», деді «Яндекс» компаниясының аймақтық даму бойынша директоры Александр Ларьяновский бүгінгі өткен конференцияда.