Бұл тексеріс көліктің ұрланғанын не ұрланбағанын анықтауға көмек болады. Сондай-ақ, сатушы көрсеткен сипаттарға сәйкес: көлік маркасы, қозғалтқыштың көлемі мен қуаттылығы туралы ақпарат шындыққа жанасатынын, не жалған екенін тексеруге болады.
Тексеріс VIN-код - автомобильдің 17 белгілік идентификаторы бойынша жүргізіледі.
Көліктер туралы мәліметті Мәскеудің ақпараттық технологиялар департаменті іске қосқан «Автокод» порталы таратады.