Яндекс Такси Қостанай қаласының уақытша орналастыру пункттеріне эвакуациялауға көмектеседі
ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM - Қостанай қаласының кез келген уақытша орналастыру пунктіне сапар құны 10 теңгені құрайды, бұл жағдайда жүргізушілер тапсырысқа толық төлемақы алады. Эвакуациялау аймағы мен пункттердің тізімі су тасқынының салдарын жою жөніндегі уәкілетті қызметтермен ынтымақтастықта айқындалды.
Қостанай қаласындағы қауіпті аймақтан эвакуациялау кезінде такси сапарының құны 10 теңгені құрайды. Осылайша Қостанай облысының (Қостанай, Тобыл) сервиспен қамту аймағынан қала бойынша су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды ресми уақытша орналастыру пункттерінің біріне баруға болады. Мұндай тапсырыстарды орындайтын жүргізушілер сапарлар үшін толық төлемақы алады, өйткені құн айырмашылығын компания өтейді.
Бұдан бұрын Яндекс Қазақстан заттарды Яндекс Go қосымшасы арқылы ресми гуманитарлық көмек жинау пункттеріне сол бағаға - 10 теңгеге жеткізуге болатынын жариялаған болатын. Ал «қызыл аймақта» Яндекс Go серіктестері жиналған көмекті су тасқынынан зардап шеккендерді уақытша орналастыру пункттеріне жеткізеді.
Карты сайтында бүкіл ел бойынша гуманитарлық көмек жинау пункттерін, сондай-ақ БҚО, Қостанай және Атырау облыстарында уақытша орналастыру пункттерін табуға болады. Сонымен бірге су тасқынына байланысты уақытша жабылған жолдар туралы ақпарат шұғыл түрде жаңартылып отырады.
Өңірлер бойынша маңызды ақпарат пен жедел желілердің байланыс деректері бар төтенше жағдай туралы хабарландырулар Яндекстің басты іздеу бетінде және Яндекс, Яндекс Карты, Яндекс Браузер, Яндекс Go қосымшаларында қолжетімді.
Маңызды байланыс деректері мен сілтемелер
Қостанай қаласының уақытша орналастыру пункттері картада (тізім жаңартылуы мүмкін)
Су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдау пункттері картада
Қостанай облысы бойынша жедел желі телефоны +7 (7142) 50-19-60