Яндексті пайдаланушылар енді ақшаны пошта арқылы жібере алады

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Яндекс. Поштаны пайдаланушылар енді «ақшалы хаттарды» жібере алады. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.

Бүгінде Ресейде Яндекс. Поштаны пайдаланушылар саны 27 миллионнан асып түскен көрінеді. Атап айтқанда, пошталық хабарламамен ақшаны аудару үшін Яндекс.Поштада аккаунт және Яндекс. Ақшада электронды әмиян болуы қажет. Яғни, басқа салымдарды бекіту ұстанымы бойынша осы қызмет те электронды хатқа ақшаны бекітуге мүмкіндік береді. Аударымды қабылдаушы қаржыны өзінің жеке электронды әмиянына аудара алады немесе қаржы сомасын банк картасына қайта бағыттау мүмкіндігін қолданады. «Ақшалы хаттарды» кез келген электронды мекенжайға жіберуге болады. Биылғы көктемде осы тектес қызметті өзінің пайдаланушыларына АҚШ-та америкалық Google компаниясы ұсынған болатын.