Янник Синнер алғаш рет Уимблдон турнирінің чемпионы атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнер Уимблдон турнирінде үздік шықты.
Италиялық спортшы финалда әлемнің 2-ракеткасы, өткен жылғы чемпион, испаниялық Карлос Алькараспен шеберлік байқасты.
Қарсыластар осыған дейін өзара 12 рет кездессе, соның сегізінде испаниялық теннисші жеңген еді.
Бұл жолы бірінші партия К.Алькарастың еншісінде кетті — 6:4. Бірақ осыдан кейін Я.Синнер камбэк жасап, жеңіске жете білді — 6:4, 6:4, 6:4.
Осының алдында Ролан Гаррос турнирінің финалында бес сетке созылған матчта К.Алькарастан жеңіліп қалған италиялық теннисші есе қайырды.
Сөйтіп 23 жастағы Янник Синнер Уимблдонда алғаш рет жеңімпаз атанды. Бұл — оның кәсіби спорт жолындағы 20-сыншы, «Үлкен дулыға» додаларындағы төртінші титулы.
Ал «Үлкен дулыға» турнирлерінің бес дүркін чемпионы К.Алькарас бірінші рет финалда жеңіліс тапты. Осылайша, ол өткен жылғы Уимблдондағы табысын қайталай алмады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Уимблдон турнирінің финалында сирек нәтиже тіркелгенін жазған едік.