УНИАН ақпарат агенттігі хабарлағандай, В.Янукович бұл пікірін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен қазір Киевте өтіп жатқан Қазақстан Президентімен кездесу барысында жеткізген.
«Мен сізбен ТМД елдері Президенттері арасындағы орнықты және ілгерішіл көшбасшы ретінде аса ғанибеттілікпен жұмыс істеймін», - деді қазақстандық әріптесіне қарата айтқан сөзінде В.Янукович.
Украина Президенті өз сөзінде «нарықтық экономиканы қалыптастырудың көптеген мәселелеріндегі сіздің көшбасшылығыңыз баса назар аударуға және құрметке лайық», - деп атап өтті.
«Біздің елдеріміз арасында ой бөлісетін ортақ мәселелер бар», - деді Украина Президенті.