Янукович президенттікке кандидат ретінде тіркелді -Украина

None
АСТАНА.  Қазанның  28-і.   ҚазАқпарат -   Украина  парламентінде   мандаттардың    басым бөлігіне  иелік  етіп отырған   Өңірлер партиясының   жетекшісі   Викор  Янукович    2010  жылы    қаңтардың 17-сінде  өтетін   президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелді.  

  Украинаның  Орталық сайлау комиссиясы  бүгін осындай шешім қабылдады,  деп  хабарлайды  РБК агенттігі.

Януковичтің  Орталық сайлау комиссиясындағы  уәкілі  болып  партия депутаты Елена  Лукшан  тағайындалды.