Янукович президенттікке кандидат ретінде тіркелді -Украина

АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат - Украина парламентінде мандаттардың басым бөлігіне иелік етіп отырған Өңірлер партиясының жетекшісі Викор Янукович 2010 жылы қаңтардың 17-сінде өтетін президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелді.

  Украинаның  Орталық сайлау комиссиясы  бүгін осындай шешім қабылдады,  деп  хабарлайды  РБК агенттігі.

Януковичтің  Орталық сайлау комиссиясындағы  уәкілі  болып  партия депутаты Елена  Лукшан  тағайындалды.