Ол 29 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орын алды.
Спортшы төрт рет жекпе-жек өткізіп, үш рет жеңіске жеткен.
Өкінішке қарай, ақтық сында ирандық Баран Ливани Джамал біздің таеквондошыдан күштірек болды.
Осылайша, Пуганцова әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.
Еске салайық, әлем чемпионаты Софияда (Болгария) өтіп жатыр.
Жарысқа 77 елдің спортшысы қатысуда.