Екінші айналымда ол чехиялық спортшы Барбара Захлавова-Стрыкованы - 6:2, 7:5 есебімен тізе бүктірді. Енді ол ширек финалда турнирдің алтыншы ракеткасы румын теннисшісі Александра Кадантумен кездеседі. Бұның алдында қазақстандық теннисші Ярослава Шведова аталмыш турнирдің бірінші айналымында испаниялық спортшы Силвия Солер-Эспиносаны екі сетте жеңгені туралы хабарланған болатын. Сонымен қатар Шведова жұптық сында өнер көрсетуде. Анабель Медина Гарригеспен жұптасып шыққан Шведова екі матчта жеңіске қол жеткізіп, жартылай финалға жолдама алды. Турнирдің сыйақы қоры 250 мың долларға тең.
12:18, 27 Ақпан 2014
Ярослава Шведова Бразилиядағы турнирдің ширек финалына өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ярослава Шведова Бразилияда өтіп жатқан Brasil Tennis Cup турнирінің 1/4 финалына өтті, деп хабарлайды Қазақстанның теннис федерациясы.