Ярослава Шведова Мадридте жұптық разрядта турнир жеңімпазы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші австралиялық Кейси Деллакуамен бірге Мадридтегі теннис турнирінде жұптық разрядта жеңімпаз атанды. Жүлде қоры 4,2 млн. долларды құрайды, деп хабарлады Vesti.kz.

Финалдық матчта Шведова мен Деллакуа испандық Гарбинье Мугуруса мен Карл Суарес-Наварроны - 6:3, 6:7 (4:7), 10:5 есебімен ұтты. Ойын бір сағат 39 минутқа созылды. Бұл Деллакуа мансабындағы жұптық разрядта төртінші титул болса, Шведовада он бірінші титул.