Бүгін, бейсенбі күні Шведова-Кинг жұбы ресейлік жұппен - Мария Кириленко мен Надежда Петровамен кездесуі керек болатын. Бірақ, ресейлік спортшы Надежда Петрова оң аяғынан жарақат алуы себепті кортқа шыға алмады.
Шведова-Кинг жұбы жартылай финалда беларус спортшысы Ольга Говорцова мен тайвандық Чжан Цзя-Юнның жұбымен кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, Premier China Open-2010 турнирінің жүлде қоры - 4,5 миллион доллар.