Ярослава Шведова «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова австралиялық Кейси Делакуамен бірге «Уимблдон» турнирінің жұптық бәсекесінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жарыстың алғашқы айналымында Шведова мен Делакуа польшалық-канадалық Алисия Росольска - Габриэла Дабровски дуэтін екі партияда 6:4, 6:4 есебімен ұтты.