Ярославль түбінде болған әуе апатында «Локомотив» хоккей командасының ойыншылары қаза болды

АСТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ярославль түбінде Як-42 ұшағы апатқа ұшырап, оның ішінде болған «Локомотив» хоккей командасының ойыншылары толығымен дерлік қаза болды,

деп хабарлайды Life News.

«Хоккей командасы Як-42 ұшағымен Минскіге ұшып шыққан болатын. Қайғылы апатта тек бір адам ғана тірі қалды», - деп хабарлады құқық қорғау органдарынан.

Портал мәліметтері бойынша, ұшақ экраннан Мәскеу уақыты бойынша сағат 15.50 шамасында жоғалып кеткен. Кейін белгілі болғандай, борт бар болғаны 5000 метрге ғана көтеріліп, бірден жерге құлаған.

Лайнердің қалдықтары Туношна әуежайына жақын 4 шақырым жерде, Волга өзенінің жағасынан табылды. Ұшақтың тұмсығы суға батып кетіпті. Соған қарағанда ұшқыштар жерге құлап бара жатқан ұшақты суға қондырмақ болған.

«Ұшақ бортында барлығы 37 адам болды. Экипаж мүшелері, жолаушылар, хоккейшілер, дәрігерлер, қызмет көрсетушілер», - деді дерек көзі