Ярославль түбіндегі әуе апатында қаза болған барлық 43 адамның денесі табылды

АСТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ярославль түбінде құлаған Як-42 ұшағында қаза болған барлық 43 жолаушының денесі табылды. Ең соңғы адамның денесі фюзеляж сынықтарының арасынан шықты.

Сот-медициналық сараптама Ярославль түбінде құлаған Як-42 ұшағында қаза болған 13 адамның денесін анықтады, деп мәлімдеді Ресей көлік министрінің орынбасары Валерий Окулов, деп хабарлайды ВВС Орыс қызметі.

Олардың жетеуі - шетел азаматтары. Барлығы апатқа ұшыраған Як-42 лайнерінің ішінде 11 шетелдік азамат болған.

Валерий Окуловтың хабарлауынша, құлаған Як-42 ұшағы ұжымдық және VIP-тасымалдаумен айналысатын «Як-Сервис» компаниясының меншігінде болған.