Ясауи кесенесінің 6 желдету арнасында ауа айналымы әлсіз екені анықталды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — «Қазқайтажаңарту» мекемесінің мамандары жалпы 19 желдету шахтасының техникалық жағдайын тексеріп, нысандағы ауа алмасу жүйесінің жай-күйін бағалады.

Фото: Қазқайтажаңарту

«Қазқайтажаңарту» мекемесінің мәліметінше, Ясауи кесенесінің ауа алмасу жүйесіне зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында генератордың көмегімен зиянсыз құрғақ түтін желдету шахталарына жіберілді. 

Бұдан бұрын Ясауи кесенесінің аумағына кіру тәртібі өзгергенін жазған едік