Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі атап өткендей, Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегерлері Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина (15-19 жас тобы) 340.1650 балл жинап, Сарықұрлық додасында күміс жүлдеге қол жеткізді.
Көркем жүзу. Жұп. Еркін бағдарлама:
Зиёдахон Тошхуджаева/Анна Ващенко (Өзбекстан) – 347.4859
Ясмин Тұяқова/Арина Пушкина (Қазақстан) – 340.1650
Вонг Винг Ка/Ву КуЛок (Гонконг) – 290.4529.
Айта кетейік, кеше көркем жүзуден Даяна Джаманчалова мен София Ищенко жұбы (13-15 жас тобы) еркін бағдарламада қарсылас шақ келтірмей, бас жүлдені жеңіп алғанын жазған болатынбыз.
Айта кетейік, аталған Сарықұрлық додасына 45 мемлекеттен 12-18 жас аралығындағы жас спортшылар мен ересектер қатысып жатыр.
26 ақпан күні басталған Азия чемпионаты 9 наурыз күні мәресіне жетеді.