деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресей «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
Бағдарлама жеті жылға есептелген. Әр жылы жеті мемлекеттің бірінде ең көрнекті авторға арналған жеті күндік фестиваль өтеді. Жобаны ұйымдастырушылар әзірге тек алты данышпанды ғана: Толстойды, Дантені, Джойсті, Сервантесті, Гетені және Шекспирді таңдап алды. Жетіншісі француз жазушыларының бірі болуы тиіс.
Жеті фестивальдің алғашқысы 2010 жылы «Ясная Полянада» өтеді. Оның Толстойға арналатыны айтпаса да түсінікті.