Шығармашылық байқау қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналады.
«Ұлы Дала ұстазы» халықаралық шығармашылық байқауы Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріне #Ustaz180 хэштегімен бейнежазба жүктеу арқылы (ауызша) және сонымен қатар электрондық поштаға (serik_abduali@mail.ru) шығарма жолдау (жазбаша) әдісі бойынша өткізіледі. Байқауға 10 жастан бастап 18 жасқа дейінгі шетелдегі және елдегі қандас оқушылар қатыса алады.
Байқау шарты:
1. Ыбырай Алтынсарин өлеңдерінен үзінді оқу (кемі екі-үш шумақ)
2. Ыбырай Алтынсариннің дара тұлғасын айшықтап, ұлы ұстазды ұлықтайтын шығарма жазу (кемі бір бет - А4 форматта).
Байқау өтетін уақыт: 2021 жылғы 1 қазан – 1 қараша аралығы.
Байқау жүлдегерлері:
Жүлделі 3 орынға «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына, Назарбаев зияткерлік мектебінің жазғы лагеріне және «Туған елге саяхат» туристік пойызына тегін жолдама беріледі.
Жүлделі орындары:
I орын - біреу;
II орын - біреу;
III орын - біреу;
Байқау қорытындысы
Қазылар алқасының әділ іріктеуінен өткен соң қараша айының алғашқы күнінде жеңімпаздар анықталып, үздік үштікке енгендердің есімдері 2-қарашада жарияланады.