деп хабарлады РБК.
Лаңкестік оқиға үкіметтік биліктің жағдайды қалыпты деңгейге келтірдік деген кезде орын алды.
Би-Би-Си хабарлағандай, С. Катан Аден қаласының шет аймағындағы өзінің үйінің жанында өлтірілген.
Шабуылдың артында «Аль-Кайеда» лаңкестік тобы тұр деп болжам жасалынуда. Бұл топтың жасақтары үкіметтік әскерге қарсы шығып, күш көрсетіп отырған.
Соңғы 2 апта ішінде әскери жасақ елдің оңтүстігіндегі бірнеше қалаларды босата отырып, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген. Сарапшылар орталық билік өкілдерінің қорытынды жеңіске қол жеткізуге мүмкіндіктері бар деп те айта бастады.
Елдің оңтүстік аудандарын босату мәселесі «Аль-Кайеда» президент Али Абдалла Салех пен оппозицияның қарама-қарсы шығу кезеңін пайдаланғаннан кейін туындады. Сол кезде экстремистер зорлық-зомбылықпен күресті желеу етіп, қару тығылған қоймаларды басып алып, үкіметтік базаға және бірнеше қалаға шабуыл жасады.