Йемен астанасы маңында Сауд Арабиясының жойғыш ұшағы атып түсірілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Йемен астанасы Сана маңындағы Бани Харет округінде Сауд Арабиясы ӘӘК-інің F-16 жойғыш ұшағы атып түсірілді, деп хабарлады Твиттердегі парақшасында "Yemen Post" басылымы, деп жазды Росбалт.

Оқи орнында түсірілген суреттердің бірінде өртеніп жатқан ұшақ бөліктері, тағы бірінде "Сауд Арабиясының корольдік ӘӘК" деген жазбасы бар жойғыш бөлшегі бейнеленген.

"Сауд Арабиясының F-16 ұшағы Бани Харет маңында атып түсірілді. Ұшқыштың қайда екені белгісіз", - делінген хабарламада. Редакция ұшақ құлаған жерден хуситтер жарылмаған екі снаряд тапқанын атап өтті. Оқиғаны әзірге Сауд билігі ресми түрде растамады. Newsru.co.il басылымы апаттың болғанына күмәнданып отыр: «Сауд ӘӘК-інде F-16 ұшағы жоқ, оларда F-15 жойғыштары бар», деп жазылған басылымда. 10 мамырда Йемендегі содырлар "араб коалициясының" ұшағын жойған, ол Марокко ӘӘК-іне тиесілі еді. Шамамен екі ай бұрын Сауд Арабиясы алдымен Бахрейн, Катар, Кувейт және БАӘ ӘӘК-інің қолдауымен, кейін Мысыр, Иордания, Марокко және Судан ӘӘК-інің көмегімен Йемендегі билікті жаулап алған хуситтерге қарсы әуе операциясын бастады.