Оқи орнында түсірілген суреттердің бірінде өртеніп жатқан ұшақ бөліктері, тағы бірінде "Сауд Арабиясының корольдік ӘӘК" деген жазбасы бар жойғыш бөлшегі бейнеленген.
"Сауд Арабиясының F-16 ұшағы Бани Харет маңында атып түсірілді. Ұшқыштың қайда екені белгісіз", - делінген хабарламада. Редакция ұшақ құлаған жерден хуситтер жарылмаған екі снаряд тапқанын атап өтті. Оқиғаны әзірге Сауд билігі ресми түрде растамады. Newsru.co.il басылымы апаттың болғанына күмәнданып отыр: «Сауд ӘӘК-інде F-16 ұшағы жоқ, оларда F-15 жойғыштары бар», деп жазылған басылымда. 10 мамырда Йемендегі содырлар "араб коалициясының" ұшағын жойған, ол Марокко ӘӘК-іне тиесілі еді. Шамамен екі ай бұрын Сауд Арабиясы алдымен Бахрейн, Катар, Кувейт және БАӘ ӘӘК-інің қолдауымен, кейін Мысыр, Иордания, Марокко және Судан ӘӘК-інің көмегімен Йемендегі билікті жаулап алған хуситтерге қарсы әуе операциясын бастады.