Осыған дейін Ассошиэйтед Пресс агенттігіне күш құрылымдарындағы ақпарат көзі хабарлағандай, бір адам жарылғыш орнатылған шағын автобусты өзімен бірге жарған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, оқу орны алдында ондаған талапкерлер жиылған кезде жарылыс болған.
Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы жетті. Қазіргі уақытта бұл аудан қоршауға алынды.
Полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде.