Йемен астанасында Сауд Арабиясының дипломаты өлтірілді

АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Йемен астанасы - Сана қаласында Сауд Арабиясының дипломаты атып өлтірілді. Бұл туралы Al Arabiya TV телеарнасы хабарлады.

Тілшінің сөзіне қарағанда, дипломатты қауіпсіздік қүштерінің формасын киген қарулы адамдар өлтірген. Оқиғаның анық-қанығы әзірге белгісіз, деп хабарлады РБК.