АСТАНА. KAZINFORM — Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Йемен аумағында зардап шеккен қазақстандықтар туралы мәлімет әзірге түспегенін айтты.
«Біздің қолда бар ақпаратқа сәйкес, Йеменнің аумағында консулдық есепте тұрған Қазақстанның азаматтары жоқ. Сондықтан қандай да бір зардап шеккен Қазақстанның азаматы туралы ақпарат келіп түскен жоқ», — деді Айбек Смадияров.
Еске салсақ, 12 қаңтарда АҚШ пен Ұлыбританияның әуе және әскери кемелері Йемендегі көтерілісші хуситтер тобына соққы жасай бастады.
Есімжан Нақтыбай
16.01.1987ж. Монғолияның Баян-Өлке аймағында туған. 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударып, ШҚО, Катонқарағай ауданында орта мектепті тәмамдаған. Тілшілік жолы ШҚО Глубокое ауданындағы "Ақ бұлақ" газетінде басталған.