Мемлекеттік Saba ақпарат агенттігі таратқан ресми мәлімдемеге сәйкес, бұл шешім елдегі барлық порттар мен шекаралық өткелдерде әуе, теңіз және құрлық арқылы қатынасты қамтитын 72 сағаттық эмбарго енгізуді көздейді. Эмбарго дереу күшіне енеді.
Сондай-ақ әл-Алими Біріккен Араб Әмірліктерімен (БАӘ) жасалған қауіпсіздік жөніндегі келісім күшін жойды. Бұл шешім БАӘ қолдайтын Оңтүстік өтпелі кеңестің Хадрамаут пен Әл-Махра провинцияларындағы елеулі аумақтарды басып алуынан кейін қабылданған.
Ол екі провинциядан әскерді 24 сағат ішінде шығару жөнінде бұйрық берді.
Еске сала кетсек, Йемендегі заңдылықты қалпына келтіру коалициясы Біріккен күштерінің қолбасшылығы Йеменнің Әл-Мукалла портында шетелдік әскери көмек тиелген жүкке әуеден шабуылын жасады.