Бұл туралы РИА «Новости» жазды.
Алдымен парламент оны қабылдаудан бас тартқан. Кейін сенбі күні бұл мәселе бойынша дауыс беру жиынын өткізу шешімін қабылдады. Араб БАҚ өкілдері Халид Махфуз Бахах бастаған йемендік үкімет отставкаға кету туралы өтініш жазғанын хабарлады. Мемлекет басшысы мен хуситтер олардың билікке кіруі туралы шешімге келгеннен кейінгі күні ел билігі орындарын босатуды жөн деп тапты.
Хуситтер ұйымдастырған үкіметке қарсы шаралар елде өткен жылдың тамыз айының ортасында басталған.