Йемен тәртіп сақшылары ел астанасының орталығына жиналған наразылық танытушыларды таратты

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Йемен астанасы Сана қаласында жексенбі, 13 наурыз күні наразылық танытушылар мен полиция арасында болған қақтығыстан кем дегенде алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.

Демонстранттарды көзден жас ағызатын құралды пайдаланған жүздеген полиция таратқан. Сондай-ақ полиция қарсылық танытушыларға оқ атты деген де ақпар тараған. Ел оппозициясы бірнеше аптадан бері наразылық білдіруде және осы уақыт ішінде 30-ға жуық адам опат болған.