Йемен тұрғындары БҰҰ ғимараты алдында наразылық акциясын өткізді
Сенбі күні Йемен астанасында өтіп жатқан қаралы жиынға әуеден соққы берліуіне байланысты БҰҰ мәліметтері бойынша, 140 адам мерт болып, 525 адам зардап шекті. Басқа мәліметтер бойынша, құрбан болғандардың саны 213 адамға жетті. Көтерілісші-хуситтер аталған соқыға байланысты Сауд Арабиясы бастаған араб коалициясын айыптаған болатын. Ал, коалиция өкілдері бұл шабуылға қатыспағандықтарын мәлімдеді.
Демонстрация жөніндегі кадрларды жексенбі күні тікелей эфирде көтерілісшілердің Al Masirah телеарнасы көрсетті. Оның мәліметтері бойынша, «Ызаның булығуы» (Нашествие вулкана) деген атаумен өткен шеруге Сауд Арабиясының әрекетттерін айыптаған плакаттар мен Йемен туын көтерген ондаған мың адам шықты.
Шеруге шыққандар көтерілісшілердің өкілдері БҰҰ ешқандай амал қолданбай отырғандығына наразылық білдіген. Олар осы шабуылға қарымта қайтару қажетігін айтуда. Хуситтердің революциялық комитетінің басшысы Мохаммад Али әл Хуси «күш көрсетушілерге» қарсы шығатын жауынгерлерді дайындайтын жаңа лагерлер ашу қажеттігін айтқан, деп хабарлады көтерілісшілердің телеарнасы.