Грек кемесі артиллерия оқтары мен белгісіз снарядтарға ұшырағанын өткен аптада Қызыл теңіздегі, Аден шығанағындағы және Араб теңізіндегі сауда кемелері арасында ақпарат алмасу жөніндегі британдық бастамасы UKMTO хабарлады.
25 экипаж мүшесін еуропалық әскери кеме құтқарды.
Кейінірек хуситтер жариялаған видеодан олардың танкерге түсіп, палубаны бірнеше жерден өртеп жібергені белгілі болды. Хусит көшбасшысы мұны батыл шабуыл деп атады.
Дүйсенбі күні құтқару операциясының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Еуроодақ әскерлері кеме әлі де өртеніп жатқанын мәлімдеді.
Сарапшылар өрт тез арада ауыздықталмаса, тарихта бұрын-соңды болмаған мұнай төгілуі болатынын ескертеді.
АҚШ Мемлекеттік департаменті бұған дейін MV Sounion танкерінен мұнай төгілуі 1989 жылғы Аляска жағалауында құлаған Exxon Valdez танкерінің апатынан төрт есе көп болуы мүмкін деп ескертті.
Ол кезде 2100 км жағалау сызығы ластанған.
Соңғы 10 айда хуситтер Қызыл теңіздегі бірнеше шетелдік кемелерге шабуыл жасады. Иран қолдайтын топ өз әрекеттерін ХАМАС-қа қолдау көрсету деп түсіндіреді.