Бұл туралы Йемен үкіметіне қолдау білдіретін арабиялық коалицияның штабы хабарлады.
Қолда бар ақпаратқа қарағанда, жұмадан сенбіге қараған түні өткізілген операцияға арнайы әскер мен авиация тартылған.
Жедел қимылдың нәтижесінде лаңкестік ұйымның бес басшысы ұсталған. Олардың көпшілігі - әр елден келген жалдамалылар. Радикалдар Йеменнің оңтүстігінде теракті жасамақ болған. Олардан қару-жарақ, техника және жарылғыш заттар табылды.
Йемен әскерлерінің қолына түскен дала командирлерінің арасында йемендік "аз-Заркауи" атымен белгілі болған экстремистердің басшысы бар.