Йеменде «Әл-Каиданың» 800-ге жуық содыры жойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Араб коалициясы мен Йемен үкіметі әскерлерінің шабуылы кезінде «Әл-Каида» тобының кем дегенде 800 содыры, соның ішінде бірнеше көшбасшысы өлтіріліп, тірі қалғандары қашты. Бұл туралы AFP хабарлайды.

«Іс-қимылдар кезінде «Әл-Каиданың» 800-ден астам мүшесі және кейбір көшбасшылары жойылды. Қалғандары қашып үлгерді», - деп мәлімдеді коалиция командованиесінің өкілдері.

Бұған дейін әскерилер бір жылға жуық уақыт содырлардың қорғаны болған Эль-Мукалла қаласын азат етті. Бұған дейін Сауд Арабиясы бастаған коалиция күштері топтың қаладағы штаб-пәтеріне соққылар жасады.