Йеменде авиасоққы салдарынан 80-нен астам адам қаза тапты

АСТАНА. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат - Йеменнің солтүстігінде авиасоққы салдарынан 80-нен астам адам қаза тапты,.

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, қаза болғандардың көпшілігі - әйелдер, балалар және қарттар. Сауд Арабиясының шекарасына жақын маңда орналасқан босқындар лагері бомбаланған.