Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Гази Исмаилдың сөзінше, тағы 534 адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған. Министр құрбан болғандар санының артатынын айтып отыр.
Бұл оқиға Йемен астанасы Санада көтерілісші-хуситтердің ең жоғары өкілдерінің бірін жерлеу рәсімінде болған.
Қазіргі таңда Йемен астанасы көтерілісші-хуситтердің бақылауында. 2015 жылдан бері олардың позицияларын Сауд Арабиясы бастаған, үкіметті қолдайтын араб коалициясы шабуылдауда. Әскери қақтығыстың өзі 2014 жылдан бері жүріп жатыр.
БҰҰ мәліметтері бойынша, 2015 жылдың наурыз айынан бері Йеменде 6,6 мыңнан астам адам құрбан болды. Ел тұрғындарының 80 пайыздан астамы гуманитарлық көмекті қажет етеді, деп хабарлайды Al Jazeera.