Йеменде бомба қойылған көлік жарылып, 5 адам қаза тапты

АДЕН. ҚазАқпарат - Йеменнің оңтүстігінде орналасқан Аден қаласында жексенбі күні болған жарылыстан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап.

Мерт болғандардың барлығы бейбіт тұрғындар. Жарылыстан тағы бес адам зардап шекті.

Аден орталығындағы Эт-Тавахи ауданында бомба қойылған көлік жарылған. Телеарна дерегінше, жарылыс қала билігінің өкілдері отырған автокеруенге бағытталған.

Кортежде Аден әкімшілігінің басшысы мен Йеменнің ауыл шаруашылығы министрі болды. Қала басшысы да, министр де зардап шеккен жоқ.