Ғашықтар Йеменде үйленбек болған. Алайда, тойдың орнына олар заңсыз мигранттарды уақытша орналастыру орталығынан бір шықты, деп хабарлайды БиБиСи.
Қызға шекарадан заңсыз өткен, ал оның Арафат есімді сүйіктісіне осы қылмысқа жәрдемдескен деген айып тағылған. Дегенмен, жас жігіттің қорғаушысы оның Йеменге Худадан кейін келгенін дәлелдеп, соған байланысты оған тағылған айып алынып тасталды. Ал сорлы қыз сот үкімін күтіп отыр. Айыбы расталған жағдайда қашқын қыз отанына депортациялануы тиіс, ал елінде оны ашулы туыстары тосуда.
Қашқын қызға қатысты соттың бірінші отырысы жексенбі күні өтті. Алайда, қазіргі заманғы Ромео мен Джульеттаның әрі қарайғы тағдыры туралы ешқандай шешім шығарылған жоқ. Сол күнгі сот отырысына өжет қыз бен жігітті қолдауға жүздеген адам жиналды. Олар жастардың үйленуіне рұқсат беруді талап етті.
Соттың кезекті отырысы 1 желтоқсанға белгіленген.