Шешім парламент спикері Сұлтан әл-Бараканидің төрағалығымен бейнеконференция форматында өткен парламенттің кеңейтілген отырысында қабылданды.
Бұған дейін Президенттік басқару кеңесінің төрағасы, Йемен Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы Ришад әл-Алими жалпы мобилизация жариялауды сұраған болатын.
SABA хабарлағандай, шешім бейбіт тұрғындарды, республикалық құрылысты және конституциялық заңдылықты, сондай-ақ елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау мақсатында қабылданды.
Жалпы мобилизация Йемен Конституциясы мен қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Шешім жарияланған сәттен бастап күшіне енеді және оны қабылдауға негіз болған жағдайлар тоқтағанға дейін қолданылады.
Парламент саяси күштерді ұлттық бірлікке және іс-қимылдарды үйлестіруге шақырды. Сонымен қатар депутаттар Сауд Арабиясы бастаған Араб коалициясын қолдайтынын тағы да мәлімдеді.
Бұған дейін хуситтер корольдік аумағына бірқатар зымыран және ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы соққы жасағаны, ал Сауд Арабиясы Йеменге әуеден соққы бергені хабарланған болатын.
Эр-Рияд қолдайтын Йеменнің халықаралық деңгейде мойындалған үкіметінің күштері Баб-эль-Мандеб бұғазы ауданындағы маңызды позицияларға бақылауды жоғалтты.
Йеменде 2022 жылы қалыптасқан бірнеше жылдық салыстырмалы тыныштықтан кейін әскери қимылдар қайта басталды.