Осыған дейін мерт болған 104 адам мен 534 жарақат алғандар туралы хабарланған болатын. Көтерілісші-хуситтер әуеден әскери соққы берді деп айыптаған коалиция күштері бұл шабуылға қатыспағандарын мәлімдеп отыр.
Йемен астанасы Сана осы уақытта көтерілісші-хуситтердің бақылауында. Олардың позицияларына Сауд Арабиясы бастаған араб коалциясының күштері шабуылдауда. Коалиция бұл жерде ел билігін жақтап отыр.
Йеменде 2014 жылдан бері әскери қақтығыс жүріп жатыр.