Йемендегі қақтығысты реттеуге бағытталған келіссөздер өтетін күн белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Йемен үкіметі мен шиға-хусит көтерілісшілер арасындағы қақтығысты реттеу үшін жүргізілетін келіссөздер 14 маусым күні Женева қаласында өтетінін БҰҰ растады, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун тараптарды алдын ала талап қоймастан ортақ келісімге келуге шақырды. 9 айға созылған Йемендегі қарулы қақтығыстан 2 мыңнан астам адам қаза тапты. Сенбі күні Сауд Арабиясының территориясында хуситтер саудиялықтардың әскеріне қарсы шықты.