Йемендегі жарылыстан қаза тапқандар саны 90-ға жетті, 280 адам жарақат алған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Йеменде мешіттерде лаңкестердің ұйымдастыруымен болған үш жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 90-ға жетті. Сондай-ақ 280 адам жарақат алған.

Бұған дейін 30 адам қаза тапты деп хабарлаған болатынбыз. Бұл туралы Тасс агенттігі хабарлады.

Бірінші жарылыс Сананың оңтүстігіндегі мешітте, келесі жарылыс мешітке келушілер сыртқа шығып жатқанда қоршаудың маңында болғаны аталып өтілді.

Үшінші жарылыс Сананың солтүстігінде орналасқан мешітте болған.