Йеменге Қызыл Крест гуманитарлық көмегін жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық Қызыл Крест комитетінің гуманитарлық көмегін әкелген ұшақ бүгін Йемен әуежайына келіп қонды. Жаргілікті уақытпен сағат 8:45-те келіп қонған ұшақ бортында 32 тоннаның гуманитарлық көмегі бар.

Бұл туралы khabar.kz жазады.

Оның ішінде дәрі-дәрмектер, су тазарту құрал-жабдығы, электрогенератор және шатырлар да табылады.

Қызыл Крест комитетінің өкілі Клэр Каплунның айтуынша, бұл гуманитарлық көмек 3 мың адамға толығымен жетеді. Ал одан бір күн бұр Қызыл Крест тарапынан 16 тоннаның гуманитарлық мақсаттағы жүктер мен дәрі-дәрмектер әкелінген болатын. Қазіргі күнде аталмыш комитеттің 5 хирургы өз қызметтерін бастап кеткен. Сондай-ақ балалардың халықаралық ЮНИСЕФ қорының көмегі де келіп жетті.