Йеменнің қорғаныс министрлігіне шабуыл кезінде 52 медицина қызметкері қаза болды

АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Йеменнің қауіпсіздік министрлігіне жасалған шабуыл кезінде 52 медицина қызметкері қаза болды, деп хабарлады Al Arabiya.

Телекомпанияның ақпараты бойынша, қаза болғандардың ішінде Германия азаматтары да бар. Бұған дейін 20 әскери адам опат болғаны хабарланған. Осылайша, шабуыл кезінде 70-тен астам адам құрбан болды, олардың арасында Йемен президентінің жақын туысқаны да бар.

Өзін өлімге тіккен лаңкес жарылғыш затымен министрлік аумағына кіріп келген. Жарылыс жасалғаннан кейін артынша қаруланған содырлар келіп, атыс басталған. Содырлар министрліктің ауруханасы мен ведомствоға қарасты екі ғимаратқа шабуыл жасады.