Йеменнің солтүстігінде тоғыз шетелдік ұрланды

МӘСКЕУ. Маусымның 14-і. ҚазАқпарат – Йеменде белгісіз адамдар гуманитарлық ұйымның қызметкерлерін – тоғыз шетелдіктен тұратын топты ұрлап кеткен,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Бұл оқиға елдің солтүстігінде болған, жергілікті байырғы халық үкіметке осылайда қоқан-лоқы көрсетіп, үкімет тарапынан өз ниеттерін орындатуға тырысады. Ұрланғандар ? ГФР азаматтары, британдық және Оңтүстік Кореяның азаматшасы. Бұл жайында «Әл-Жәзира» телеарнасы хабарлаған.