Ықпалдастық - біздің азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыру тәсілі - Ресей Президенті

КЕУ. 17 наурыз. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Ықпалдастық жолымен жүре отырып және оның заманауи әдістерін құра отырып, біз болашақтағы өміріміздің жақсы болуына негіз саламыз.

Бұл туралы бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Мәскеудің сыртындағы «Горки» резиденциясында өткен кездесуі барысында Ресей Президенті Дмитрий Медведев мәлім етті.

Д.Медведев Қазақстан-Ресей екіжақты қарым-қатынасының тұрақты сипатын, сонымен қатар Кеден одағы аясында және Еуропалық экономикалық одақ құру жолын ашу аясында 2010 жылы атқарылған жұмыстарды ерекше атап өтті. «Шын мәнінде бұл ықпалдастық ісіндегі алға басқан сапалы қадам. Үстіміздегі жыл да осындай оқиғаларға толы болатыны анық», - деп атап өтті ол.

«Ықпалдастық - біздің азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттырудың тәсілі. Және де ықпалдастық жолымен оның заманауи формаларын құра отырып, болашақта жақсы өмір сүрудің негізін саламыз. Алайда еңсерілер жұмыс көп»,- деп атап өтті Ресей Федерациясының басшысы.

«Соңғы бірнеше жылда бұл үдерістер өте тұрақты қарқынға ие болды. Сіз ылғи да ықпалдастықтың жақтасы, еуропалық ынтымақтастықты дамытудың жақтасы болдыңыз және осы ұстанымдарды дәйекті жақтап келе жатырсыз. Нақ осы соңғы жылдарда ғана біз алға қарай сапалы қадам жасадық», - деп атап өтті Д.Медведев.