Ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-нәсібі мол болмақ - Елбасы
«Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс нәсібі мол болмақ. Осыны халқымыз бек түсінді» деп сөз бастады Мемлекет басшысы. «Халық бірлігіне бекем болды. Ел иесі қазақ халқы да ешкімге шетқақпайлық көрсеткен жоқ. Ұлтына, тілі мен дініне қарамай, барша ұлт, ұлыс өкілдерінің теңдігін Атазаңымызда айқындап алдық. Табысқа тоқмейілсіп, тоқырап қалмай, алыс болашағымыздың темірқазығы «Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиясын» қабылдадық», деген Елбасы онда негізгі жаңа патриотизмнің түпқазығы ретінде ел бірлігі алынғанын атап өтті.
Мемлекет басшысының айтуына қарағанда, Қазақстан халқы Ассамблесының 2020 жылға дейінгі Даму тұжырымдамасы да айрықша маңызды құжат болып табылады.Соған орай, Президент сессия барысында салиқалы ойлар айтылып, тағдырлы шешімдер қабылданатынына сенім білдірді.