Йоханнес Клебо Олимпиадада тоғызыншы мәрте чемпион атанып, рекорд жаңартты

Фото: Olympics.com

АСТАНА. KAZINFORM - Норвегиялық шаңғы спортының шебері Йоханнес Клебо қысқы Олимпиада ойындары тарихындағы тоғыз мәрте чемпион атанды.

Шаңғы спортының шебері 2026 жылғы қысқы Олимпиадада скиатлон, спринт және жекелей старттағы жарыста топ жарды.

1996 жылдың 22 қазанында дүниеге келген ол мұндай мүмкіндіктерге 2018, 2022, 2026 жылғы қысқы Олимпиадада қол жеткізді.

Норвегиялық Олимпиада ойындарының тоғыз дүркін чемпионы атанды. Ол 2022 жылы эстафеталық жарыста күміс, сол жылы 15 шақырымға классикалық әдіспен жарысуда қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ әлем чемпионатында 2017 жылдан бері 15 мәрте жеңіс тұғырынан көрінсе, екі мәрте екінші, бір мәрте үшінші мәре сызығын қиды.

Айта кетсек, осындай жоғары нәтижесінің арқасында ол алтын медаль саны жөнінен отандастары Уле Эйнар Бьорндален, Марит Бьорген және биатлоншы Оле Эйнар Бьорндаленді артта қалдырып кетті.

Қазақстан биыл қысқы Олимпиада ойындарында 36 спортшыға үміт артып, жалпы тізімде 24-орынға табан тіреді. Дүбірлі додада еліміздің ұлттық құрамасы спорттың 10 түрінен 58 медаль жиынтығы бойынша бақ сынап жатыр. Олардың қатарында биатлон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарыстары, шаңғымен трамплиннен секіру, фристайл-могул және фристайл-акробатика бар.

Айта кетсек, ел құрамасынан мәнерлеп сырғанау шебері Михаил Шайдоров ұлттық құрамаға араға 32 жыл салып өз тарихында қысқы спорт түрлерінен екінші алтын медаль сыйлады.