Бұл жекпе-жек бүгін Астана уақытымен сағат 22:30-да басталады. Тікелей трансляцияны «Qazsport» телеарнасынан тамашалауға болады.
Матч Хельсинкидегі 13 646 адамға арналған «Хартвалл-Арена» стадионында өтеді.
Айта кету керек, қазіргі таңда Андрей Скабелканың командасы 41 ұпаймен Шығыста бесінші орында тұр. Қазақстандық клубтың қанжығасында негізгі уақытта жеткен 12 жеңіс, овертаймда үш жеңіс және буллитте екі жеңіс бар.