Йосихито Нода Жапония премьері болды

АСТАНА. 30 тамыз. ҚазАқпарат - Жапонияның билеуші Демократиялық партиясының төрағасы болып және соған сәйкес ел-премьер-министрі қызметіне Йосихито Нода сайланды,

деп хабарлады РБК Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бұрын қаржы министрі міндетін атқарған ол дауыс берудің екінші турында Жапонияның экономика, сауда және өнеркәсіп министрі Банри Кайэдудан басым түсті.

Үкіметтің жаңа басшысы Жапонияның «өмірлік күштерін» қалпына келтіруге уәде берді. Соңғы бес жылдағы алтыншы премьер үкімет басшылығына төрт жылға сайланды.

Естеріңізге сала кетейік, 26 тамызда Жапония премьер-министрі Наото Кан билеуші партия төрағалығынан кету жөнінде өтініш берген болатын. Н.Канның мұндай шешімге келуіне ел халқы арасында оның беделі төмендеуі себеп болды.